ТАЯН ХАН ( Байбұқа 1165 -1198)
ЕРЛІГІ — ТАУДАЙ
Нақу-қоңның шатқалы тар еді. Жау — көп, найман — аз. Бірақ Таянның рухы — Тарбағатайдан да биік тұрды. Ол құлап жатып та Тарбағатайға қарап құлады.
Жау жеңді. Бірақ Таянды жеңе алмады. Өйткені ер денесімен өлсе де, намысымен тірі қалады.
Сүйегі — Үржардағы Тарбағатайдың тауында қалды. Ал рухы — найманның әр баласының жүрегіне қалды.
Таян хан бізге не қалдырды?
«Жер — сатылмайды» деген өсиет.
Бүгін Тарбағатайға қарасаң — Таянның тұлғасын көресің. Нақу-қоңның тасы сөйлесе — «Азаттық қымбат» дейді.
Басыңа қойылған тас жоқ шығар, батыр бабам. Бірақ сенің ескерткішің — мынау Тарбағатайдың өзі. Сенің мазарың — Үржардың даласы.
Жатқан жерің жайлы болсын, есіл ер!
Рухың мәңгі қолдасын, қайран бабам!
Тарбағатай тұрғанда — Таянның ерлігі өлмейді.
Туған жылы белгісіз. Қаза тапқан жылы: 1204 жылдың күзі.
Нақу-қоң, Шыңжаң. Үржар.
Таян хан — тек найманның емес, бүкіл әлемнің ерлік символы, жаһандық тұлға.
Темүжиннің алдында жапырақтай дірілдеп, жалынған ұлттар, ұлыстар қаншама! Құлдық ұрып, елдігін сақтағандар да жетіп жатыр. Таян хан бастаған наймандар арпалысып, ең соңғы демі біткенше айқасты. Сан ғасыр өтті, бірақ ерлік ұмытылған жоқ.
1206 жылы киіз туырлықты көшпелілер Онон жағасына құрылтайға жиналып, Темүжинді моңғол империясының ұлы ханы етіп көтерді. Шыңғыс ханның алғашқы мемлекетінде наймандар болған жоқ. Тайджиут, силджиут, барулас, хиад, чонос, мангут, дуглат, суканут, кенегес, килингут т. б. тайпалар болды. Осыларды шежіре Бодончар мен Алан Гоадан таратты да, барлығы борджигин деп аталды. Борджигин атауы «боз» сөзінен шыққан.
Қазақшасы мынадай: барлас, қият, дулат, маңғыт, кенегес, қатаған, үйсін, қаңлы, жалайыр. Ал наймандарға Алтай, Тарбағатай, Алакөл, Іле, Жетісу тайпалары қарасты болды. Яғни, қазіргі Ұлы жүз бен қазіргі ұйғырдың ата-бабалары түгелдей найман хандығына бағынды.
1206 жылы моңғолдар найман жазуын мемлекеттік жазу ретінде қабылдады. Найман канцеляриясында хат білетін оқымысты бітікшілер болған. Найман жазуының ұйғырларға қатысы жоқ, ол 29 әріптен тұрады. Ақша, бітік тастар найман жазуында жазылды. Ханның атындағы ақшалар да найман жазуында болды. Наймандар төл жазуынан бұрын орхон-түрік жазуын қолданған, З. Қ.
Найман ханының таңба мөрі,алтын таңба мөр осы.Таңба «Ел-тамға» деп аталған.Мемлекеттің таңба мөрі.
