ХАН БАТЫР ҚАБАНБАЙ
1643 жылы Жоңғардың Батур қонтайшысы 50 мың әскермен басып кіргенде, Салқам Жәңгір 600 садақшысын ертіп, өздерінен 100 есеге көп жауға қарсы жайдақ атқа мініп, тұра шапқан. Көшпенділердің тарихындағы ең ұлы шайқастардың бірі - осы. Хақназар, Шығай, Тәуекел, Есім, Жәнібек, Салқам Жәңгір хандар тұсында қазақтың тұңғыш хандығын жаудан қорғауда ерен ерліктерімен бүкіл қазақ жұртына әйгілі болған найман батырлары: Көкжарлы Ақымбет, Қобыз, Жанмұхаммед, Жолым, Ақпан, Қамбар, Көксүңгілі Көксерек, Түкі, Төртуыл Бердіке, Бура Назар, Терістаңбалы Найман Ахметәлі, Қаракерей Сопы-мырза, Баба-мырза, т.
б. 17-18 ғасырларда Жоңғар империясы Тибет, Байкал, Қытай қорғандарымен шектесіп жатқан Ұлы империя болатын. Содан 1723 жылы қазақ даласына еніп, халықты қанға бөктірді. Ұлы жүз - Құлжа, Алмалық, Шымкент, Тараз, Ташкент, Самарқан, Ходжент, Ферғана Жоңғардың қол астында қалды. Ұлы жүз сұлтандары түгелдей жоңғарларға мойынсұнды, Ұлы жүз хандық ретінде мүлде жойылды. Ақырғылары Жолбарыс, Әбілпейіз хандар еді. Қырғыздар да Ұлы жүзбен бірге солардың қол астында қалды. Орта жүзде Әбілмәмбет хан 1741-1742 жылдары Жоңғар үстемдігін мойындады. 1726 жылы Бұланты мен Білеуті өзендері арасындағы кең жазықта шешуші ұрыс болды. Қазақ жасақтары жеңіске жетіп, жоңғарларды Ұлытауға жеткізбей тоқтатты. Бұл маңызды, үлкен жеңіс еді. Қабанбай қолбасы Әбілқайырдың ең сенімді серіктерінің бірі,әрі ержүрек батыры ретінде көзге түседі. 1729 жылы Балқаш көлінің оңтүстігінде үлкен ұрыс болып, жоңғарлар тағы жеңілді. 1730 жылы қалмақтар тұтас қырыла жаздап, үйін, малын тастап қашады. Қабанбай батыр қалмақ батыры Думбауылды жекпежекте жеңіп, қолбасы, ту ұстаушы, он мыңбасы болып көтеріледі. 1750 жылдары Шыңғыстауда Шаған өзені жағасында Қоңырәулие үңгірі маңындағы шайқастағы жеңістен кейін Ер Қабанбай Хан батыры, Дарабоз атанған. 1751 жылы Қабанбай батыр Сыр бойы, Шымкент, Сайрам, Ташкент қалаларын жоңғарлардан тазартып, Төле бидің билікке келуіне көмектесті. 1752 жылы Жоңғарияға айдалып бара жатқан бірнеше мың қарақалпақты құтқарып қалады. 1754 жылы қазақтар Дүрбін – Ойраттарды біржола талқандап, екі жүз жылдық соғыста түпкілікті жеңіске жетеді. 1755 жылы Жоңғарды жуасыту жорығы болды. 1756-1757 жылдары Тарбағатай тауының теріскейінде Базар өзені жағасында Баспан - Базар шайқасы болған. Тарбағатай жерін қалмақтан босатуды Бөгенбай мен Қабанбай бастаған Орта жүз арғын мен найман руларының батырлары жүзеге асырған. 1756-1757 жылдары олар шүршіт - цин әскерлеріне ауыр соққы беріліп, үлкен жеңіске жетті. 1756-1757 жылдары Ежен ханның қытай шеріктерін үш мәрте ойсырата талқандады, оларға қазақ топырағын басқызбады. 17571758 жылдардан бастап Қабанбай «қазақтың туму батұлы - яғни бас батыры» ретінде хатқа түскен. 1759 жылы Қытайдың Мәнжу импе риясы Цин - Жоңғар империясын құртып жіберді. 1760 жылы найман, керей тайпалары атамекенге қайта қоныстана бастайды. 1760 жылы Қытайдағы атамекенді қайтарады. 1771 жылы «Шаңды жорық» кезінде қалмақтар тегіс қырылды. Ханбатыр Қабанбай 63 жыл өмірін елдің шетінде,соғыстың өтінде өткізеді.
Нұрғайни Манапқызы Мұқанова
