. Найман – «Сегіз оғыз» деген атпен мәлім болған тайпалар одағының атауы. Шыңғыс ханның шапқыншылығына дейін сегіз тайпадан құралған деген шешімді байлам болған. Ал Жошы хан бүкіл Дешті Қыпшақты өз билігіне алған кездерде Найман тоғыз тайпа ел болған. «Сегіз-Оғыз» деген халық көне түркі жазуларында да, қытайлық-қидандық «Ляо-Ши» жазбаларында да, ұйғырлық Селенга жазуларында да бар. Осы сегіз рулы елдің ішінде Төре наймандар хандық тақты иеленіп келген. Еният хан, Инанг Білгі Бұқа хан, Таян хан, Күшлік хандар да сол Төре найман əулетінен. Байбұқа -Қытай деректерінде ол Тай-Ванга, Қиданша Таян.Рашид әд-Диннің мәліметінше, Таян ханның өз есімі Байбұқа болған. Ал «Таян хан» оның лауазымдық атағы немесе құрметті титулы ретінде қолданылған.
Ал титулдың шығу тегі туралы екі негізгі болжам бар:
Қытайдың «тай-ван» (太王, tai wang) – «ұлы патша», «жоғарғы әмірші» деген атақпен байланыстырылады.
Кейбір зерттеушілер оны «да-ван» (大王, da wang) – «ұлы князь», «ұлы әмірші» деген қытай титулынан таратады.
Таян хан миниатюрасы табылды. Сақталған орны — Данияның Копенгаген қаласындағы The David Collection қорында.