Ұмыт қалған тарихтың жаңа мекені

Өткеннің ізі —
ұрпақтың жадында

Найман жұртының кітапқа енбей қалған тарихын, ауызша дерегін және атадан балаға жеткен шежіресін бір арнаға тоғыстыратын тәуелсіз мұрағат.

НАЙМАНКМҰРАҒАТЫ
ҚАЗІР САТЫЛЫМДА

Наймандар тарихының хроникасы

Найман тарихын бір кеште жүйелеп оқып шығыңыз

3 700 ₸Толығырақ және тапсырыс беру →

01 · Мақсат

Біз деректі ғана емес, дауысты сақтаймыз.

Құрметті оқырман! Бүгін назарларыңызға тарихи танымға арналған «Күшілік хан» сайтын ұсынамыз. Сайттың басты мақсаты – қазақ тарихын Найман тарихы арқылы тереңнен зерделеп, әр адамның өз түп-тамырын, ата-баба тарихын тануына жол ашу. Бабаларымыздың жүріп өткен жолын, елге сіңірген еңбегін, тарихи мұрасын дәріптеу арқылы кейінгі ұрпаққа тағылымды өнеге қалдыру. Біздің мақсатымыз – ерлік пен қайсарлықты, туған жерге деген сүйіспеншілікті, ата-баба аруағына деген құрметті және елдік пен мемлекетшілдік рухты дәріптеу.

Өткен тарихымызды танып-білу арқылы бүгінгі ұрпақтың бойында ұлттық сана мен отансүйгіштік сезімді қалыптастырып, келер ұрпаққа үлгі боларлық рухани мұра қалдыру. Бұл кеңістік ресми тарихтың көлеңкесінде қалған әңгімелерді жоғалтпау үшін құрылды. Әр естелік өз дереккөзімен, әр шежіре өз нұсқасымен беріледі. Мақсат — бір ғана тұжырымды бекіту емес, ұрпақ жадындағы деректерді салыстырып, ашық әрі ұқыпты мұрағат қалыптастыру. Түскен қаражатқа Найман тарихының жаңа беттерін заманауй түрде дамыту . Ахметқали Серғалиұлы

01 Ауызша тарих02 Ашық шежіре03 Дерекке құрмет
02 · Автор жазбалары

Соңғы мақалалар

01
Тарихи толғам

Таян хан әлемдік деңгейдегі тұлға .

Найман тарихы әлемдік орны бар тарих , Найман тарихын тереңінен тани отырып қазақ тарихын көне заманға апарып тіреуге болады , қазақ тарихы осыған дейін біз оқып білген тарихтан әлдеқайда ертеректе пайда болғанын білеміз .

↗
02
Тарихи толғам

Ерлігі таудай Наймандардың ханы Таян (Байбұқа ) хан

Таян деген сөз патшалардың патшасы немесе күн патша деген мағынаны береді , Таян хан , әскері қырғынға ұшыраса да соңғы сәтке дейін соғыс алаңындағы сарбаздарымен бірге күресіп өткен ерліктің символы , оның қайсарлығын қазіргі қазақ мемлекетінің тірегі болатын жас ұрпаққа үлгі етуге тұрарлық , өмір өз ағысымен өтіп жатады ,бірақ Таян жандай ел басқарған патшаның ізі суымауы керек , мәңгілікке Найман ұрпақтары жүрегінде сақтай отырып , ізгілікті ісін өзінің білімділігімен ,ғылымның шыңын меңгеру оқылы , Тәуелсіз ҚР-ның іргесінің сөгілмеуіне және ел бірлігін нығайтуға күш салады деген сенім мол . Еният хан , Инангі Білгі Бұқа , Таян хан мен Күйшілік хандардың ұрпақтары бүгінгі күні әлемнің әр елінде өмір сүріп жатыр , осынау ауқымды тарихы бар елдің үні жаңғырып тұра бермек !

↗
03
Тарихи толғам

Күшілік ханға 850 жыл

Найман империясының соңғы ханы Күшілік хан туралы тарихи шолу

↗
04
Тарихи толғам

Ақтамберді жыраудың туғанына 350 жыл толу торқалы тойына арналды .

Ақтамберді жырау тілі өткір әрі теңдесі жоқ батыр , найзасы мен қаламын елінің болашағы мен жерінің тұтастығына арнаған , бүгінгі күнгі Тәуелсіз ҚР-ның іргетасының мықты болуына , шаңырағының шайқалмауына ықпал ететін өсиет қалдырған әрі ұл-қыздарының патриоттық сезімін оятатын , қазақ қызының арын елдің тұтастығының символы ретінде таныған , мемлекеттік идеологияның бір бұрышынан ойып тұрып орнын алатын ірі тұлға ! А.Серғалиұлы

↗
05
Тарихи толғам

Қазақтың бас сардары ,дарабоз Қабанбай батыр .

Сырт жау ентелеп кіргенде елі мен жерінің қорғаны болған Найманнан шыққан Қаракерей-Қабанбай батыр , артына ұрпағы мақтан тұтар өшпестей із қалдырған қайталанбас өр тұлға , бүгінгі Тәуелсіз ҚР-ның мемлекеттік идеологиясының төрінен орын алатын нағыз демократияның символы , ерліктің үлгісі ретінде тануға тұрарлық , өмір жолын зерттеген ұрпақ кең-байтақ жеріміздің ел бірлігін сақтап қалуға жан-тәнімен атсалысады деген үміт бар ! Уақыт өте облыс немесе ірі қалалардың біріне есімін берсе , артық болмас еді , бұл келер ұрпақтың қолында , хан-батыр Қабанбай , бір ғана Найман тайпасының батыры емес , ол бүкіл қазақ еліне ортақ батыр ! А.Серғалиұлы

↗
Наймандар тарихының хроникасы
03 · Кітап дүкені

АРНАЙЫ ҰСЫНЫС

Наймандар тарихының хроникасы

Нұрғайни Манапқызы Мұқанова · Ахметқали Серғалиұлы Халенов

Найман тарихын бір кеште жүйелеп оқып шығыңыз

Көне дәуірден бүгінге дейінгі негізгі оқиғалар, мемлекеттер, тұлғалар мен шежіре деректері бір шағын кітапқа хронологиялық ретпен жинақталған.

Көне дәуірден бүгінге дейінгі Найман халқының тарихи жолын жүйелі баяндайтын шағын еңбек. Найман мемлекеттері, белгілі тұлғалар мен шежіре деректері хронологиялық ретпен жинақталған.

Басылым
Қарағанды, 2025
Көлемі
167 бет
ISBN
978-601-82221-0-8
КІТАП БАҒАСЫ3 700 ₸Жеткізу шартын WhatsApp арқылы нақтылаңыз
WhatsApp-та тапсырыс беру ↗

Қоймада бар · Тапсырыс WhatsApp арқылы қабылданады

04 · Шежіре

Атаңды тап.
Тамырыңды таны.

Есімді іздеңіз немесе тармақтарды басып, Найманнан тараған руларды кезең-кезеңімен ашыңыз.

ⓘ Шежіре деректері толықтырылып отырады. Әр нұсқа дереккөзбен салыстырылады.
05 · Тарихи мұра

Ескерткіштер мен жәдігерлер

Найман тарихымен сабақтас мекендер, көне нысандар және заттай мұралар туралы жинақ.

Тарих — ортақ мұра. Дерек — ортақ жауапкершілік.

«Күшілік хан» — Найман тарихы мен шежіресін жинақтайтын тәуелсіз авторлық жоба. Жаңа жазбалар тұрақты жарияланып, шежіре бөлімі расталған деректермен кезең-кезеңімен кеңейеді.

Дерек ұсыну ↗
Сәулет мұрасы · VIII–IX ғасырлар

Домбауыл кесенесі

Ұлытау өңірі · Қаракеңгір өзені

Домбауыл кесенесі Ұлытау өңірінде, Жезқазған қаласынан шамамен 58 шақырым жерде, Қаракеңгір өзенінің бойында орналасқан. Ғалымдар құрылысты исламға дейінгі VIII–IX ғасырларға жатқызады.

Төртбұрышты негізге тұрғызылған конус пішінді ғимарат үлкен тас тақталардан қаланған.

Халық аңыздарында Домбауыл батыр, мерген әрі күйші ретінде сипатталады.

Абай институты · e-history.kz дерегі ↗